АртқаҚұқықтық ақпарат
АртқаҚұқықтық ақпарат

Лицензиялық келісім


Лицензиялық келісім

1. Терминдер және де анықтамалары.

1.1. Осы Лицензиялық келісімнің шегінде (бұдан әрі — Келісім) төменде келтірілген терминдер мынадай мәндерде қолданылады.

1.1.1 Авторизацияланған мобильдік бағдарламашық (Мобильдік бағдарламашық) — белгілі бір қызметтерді көрсетуге арналған тапсырыстарды іздеуге, әрі берілген тапсырыстарды орындауға қабылдауға және де қызмет көрсету барысы туралы Тапсырыс берушіні хабардар етіп отыруға арналған мобильдік құрылғыларға орнатылатын арнайы ЭЕМ-ге арналған бағдарлама.

1.1.2. Серіктес — осы Келісімнің шарттарын өз еркімен қабылдаған және де соның негізінде мобильдік бағдарламашықты пайдалану құқығын заңды түрде иеленген тұлға.

1.1.3. «Максим» сервисі (Сервис) — осы Келісімнің негізінде Серіктеске мобильдік бағдарламашықты пайдалануға деген құқықты табыс ететін заңды тұлға.

1.1.4. Қызметтер — Сервистің көмегімен тапсырыс беру арқылы жүзеге асырылатын Сервистің Серіктестері ұсынатын қызметтер.

1.1.5. Тапсырыс беруші — Сервистің көмегімен қызметтерге тапсырыс беруді жүзеге асырып жүретін жеке тұлға немесе заңды тұлға.

1.1.6. Тапсырыс — Қызмет көрсетуге қажеттілік туындағаны туралы мәліметтерді қамтитын және де Қызмет түріне қарай белгілі бір параметрлері бар мобильдік бағдарламашықта жазып орналастырылған ақпарат.

1.1.7. Қызметтердің құны — Тапсырыс беруші Серіктеске қызметтер көрсеткені үшін төлей алатын ақшалай қаражатының сомасы.

1.1.8. Жеке шот — Серіктестің аванстық төлемдері тіркелген және де Мобильдік бағдарламашықты пайдалану құқығын табыс ету үшін төлем ретінде ақшалай қаражатын есептен шығарып алатын шот.

1.1.9. Жеке шоттың балансы — Жеке шотқа салынған және де Жеке шоттан есептен шығарылған ақшалай қаражат сомаларының арасындағы белгілі бір уақыт сәтіндегі айырмашылық.

 

2. Жалпы ережелер

2.1. Осы Келісім «Максим» сервисінің (бұдан әрі — Сервис) ЭЕМ — Мобильдік бағдарламашыққа арналған бағдарламаны пайдалану құқығын беру тәртібін айқындап береді.

2.2. Осы Келісім Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабы мен 966-бабына сәйкес қосылу шарты болып табылады және де мекенжай бойынша Интернет желісіндегі Сервистің https://taximaxim.kz/ және де https://taximaxim.com/ сайттарында электронды нысанда жүктеп орналастырылған Келісімнің шарттарына қосылу арқылы оңайлатылған тәртіппен жасалады. Келісімде сипатталған тіркелудің рәсімінен өткен тұлға Келісімнің талаптарын ресми қабылдаған деп саналады, бұл осы құжатта жазылған талаптармен азаматтық-құқықтық шарт жасасқан деген жағдайға тең болады.

2.3. Тіркелу рәсімінен өтпестен бұрын, Келісімнің мәтінін барынша мұқият оқып шығыңыз. Ал енді қандай да бір шарттармен сіз өзіңіз келіспеген жағдайда мобильдік бағдарламашықты пайдаланудан бас тарту қажет болады.

2.4. Келісім лицензиялық шарт болып табылады, оған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 961-970-баптарында белгіленген ережелер қолданылады.

2.5. Осы Келісімнің шарттарын қабылдау Интернет желісінде мына https://driver.taxsee.com/privacy/ мекенжай бойынша орналасқан мобильдік бағдарламашықты пайдалану кезінде құпиялылық саясатымен келісуді білдіреді.

2.6. Осы Келісімнің шарттарын қабылдай отырып, Серіктес осы Келісімді орындау шеңберінде өзі тауып қол жеткізген ақпаратты өзі жеке, арнайы өз мүддесі үшін ғана және де өз жауапкершілігімен пайдаланатынын ұғынады. Серіктес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін мобильдік бағдарламашықты пайдаланған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы тиісті заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі, сондай-ақ жолаушыларды және де жүктерді тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу, жүктерді тасымалдау саласындағы қызметтерді реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы тиісті заңнамасыда көрсетілген талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуі тиіс, сонымен қоса, бірақ онымен шектеліп қана қоймай: Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі нөмірі № 156 Заңының талаптары туралы Қазақстан Республикасының Заңын, 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, 2015 жылғы 26 наурыздағы  Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы нөмірі № 349 бұйрығын, ҚР СТ 2272-2012 «Таксимен жолаушылар тасымалдау бойынша автокөлік қызметтері», қауіпсіздік техникасы ережелерін және де еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын және де басқа да маңызды нормативтік құқықтық актілер және де тағы басқалары.

2.7. Мобильдік бағдарламашықта Сервистің орналастырылған ақпаратты (тапсырысты) жинастыру, сақтау, жүйелеу бойынша қызметтері, сондай-ақ осындай ақпаратқа қол жеткізуді ұсыну бойынша Серіктес пен Сервистің арасындағы заңи құқықтық қатынастар «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы нөмірі № 418-V Қазақстан Республикасы Заңының және де «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы нөмірі № 401-V Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2.8. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы нөмірі № 401-V Заңының 4-ші және де 5-ші баптарына сәйкес мобильдік бағдарламашықта орналастырылған барлық ақпарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы тиісті заңнамасымен шектелген немесе заңсыз таратуға тыйым салынған ақпаратқа жатқызылмаған.

 

3. Келісімнің мәні

3.1. Осы Келісімнің жазылған шарттарына сәйкес, Сервис Серіктеске мобильдік бағдарламашықты Келісімде белгіленген әдеткі тәсілдермен қарапайым (айрықша емес) лицензия негізінде пайдалану құқығын береді, ал Серіктес Сервиске Келісімде белгіленген тәртіппен және де тиісті мөлшерде сыйақы төлеуге міндеттенеді.

3.2. Мобильдік бағдарламашықты пайдалануға құқық берілетін аумақ — Қазақстан Республикасының аумағы.

 

4. Сервистің беретін кепілдіктері

4.1. Сервис мыналарға кепілдік береді:

4.1.1. Осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін жеткілікті құқықтар көлемі бар болуына;

4.1.2. Тараптардың келісімді орындауы үшінші бір тұлғалардың зияткерлік құқықтарының бұзылуына әкеп соқпайтынына;

4.1.3. Келісімде белгіленген шарттарда Серіктестің мобильдік бағдарламашықты пайдалануына кедергі келтіретін қандай да бір келісімшартпен байланысты емес екендігіне;

4.1.4. Келісімде белгіленген шарттарда мобильдік бағдарламашықты Серіктес өзі пайдалануға мүмкіндік бермейтін қандайда бір әрекеттер жасамадым және де алда жасамаймын.

 

5. Мобильдік бағдарламашықты пайдаланудың тәсілдері және де тәртібі

5.1. Серіктес Мобильдік бағдарламашықты барлық тапсырыстарды орындау және де қызметтер көрсету процесін сүйемелдеу мақсатында ғана пайдалана алады. Мобильдік бағдарламашықты пайдаланумен байланысты Серіктестің кез келген әрекеті жоғарыда көрсетілген мақсаттарға сәйкес келуі керек.

5.2. Серіктестің мыналарға құқығы болмайды:

5.2.1. Мобильдік бағдарламашықты толығымен және де оның бөліктерін өзгертуге, қайта жаңғыртуға, оны көшіруге, қайта өңдеуге (тіл аудармасын қоса алғанда), таратуға (сатуды, жалға беруді, жалға алуды және де т. б. қоса алғанда), жариялауға немесе түрлендіруге;

5.2.2. Мобильдік бағдарламашыққа және де оған енгізілген алгоритмдерге рұқсатсыз қол жеткізуге мүмкіндік беретін осы Келісімде анық тікелей көрсетілмеген тәсілмен пайдалану мақсатында мобильдік бағдарламаның және де оның компоненттерінің объектілік кодын декомпиляциялауға, ара бөлшектеуге, әрі шифрлауға, сондай-ақ басқа жолмен де алуға тырысуға;

5.2.3. Мобильдік бағдарламашықтың жұмыс істеуін қасақана тұрақсыздандыруға бағытталған іс-қимылдарды жүзеге асыруға, мобильдік бағдарламашықты немесе оның тікелей жабық бөлімдерін (оның ішінде Сервиске ғана қол жеткізуге рұқсат етілген бөлімдерді) басқаруға санкцияланбаған қол жеткізу әрекеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ кез келген басқа тақылеттес іс-әрекеттерді жүзеге асыруға;

5.2.4. Мобильдік бағдарламашықты пайдалану құқығын, соның ішінде логин мен құпиясөзді үшінші тұлғаларға немесе өзгеше Сублицензиялық шарт жасасу арқылы немесе өзге тәсілмен беруге;

5.2.5. Осы келісімде тікелей көзделмеген өзге әрекеттерді орындауға немесе мобильдік бағдарламашықты өзге мақсаттарға пайдалануға.

 

6. Мобильдік бағдарламашықта тіркелудің тәртібі

6.1. Мобильдік бағдарламашықты пайдалану мүмкіндігін алу үшін мобильдік бағдарламашық немесе Сервистің осы сайты арқылы тіркеу рәсімінен өту қажет болады. Тіркеу ісін Серіктес жалпы Интернет желісін қолдана отырып немесе Сервис кеңсесінің орналасқан жері бойынша жеке түрде жүзеге асыра алады.

6.2. Мобильдік бағдарламашықта тіркелу осы Келісімнің бүкіл шарттарына толығымен әрі сөзсіз қосылу болып табылады.

6.3. Тіркелу тіркеу нысанының тиісті жолдарын толтыру жолымен қажетті ақпаратты ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Тіркелу барысында Сервис көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттарды ұсынуды талап ете алады.

6.4. Тіркелу Сервистің қалауы бойынша жүзеге асырылады. Тіркелу ісі үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсыну Сервистің тіркеу рәсімін жүргізу сөзсіз міндетіне апарып соқтырмайды.

6.5. Тіркелу рәсімі Мобильдік бағдарламашыққа авторизацияланған түрде кіру үшін қажетті пайдаланушының сәйкестендіру нөмірін (логин) және де құпиясөзді берумен аяқталады. Пайдаланушының сәйкестендіру нөмірі (логин) және де құпиясөз тіркеу барысында көрсетілген ұялы телефон нөмірі бойынша Сервиске жіберіледі. Серіктеске ол алған логин мен құпиясөзді кез келген басқа үшінші тұлғаға беруге, сондай-ақ Серіктеске тиесілі емес болатын логин мен құпиясөзді пайдалануға тыйым салынады. Мобильдік бағдарламашықта (логин мен құпиясөзді көрсеткен) авторизацияланған әр тұлға жасаған кез келген іс-әрекеттерді жасаған, егер мұндай Серіктес керісінше дәлелдеп бермесе, тиісті сол Серіктес жасаған болып саналады.

6.6. Тіркелу барысында Сервистің талап ететін дербес деректер мен өзіндік құжаттар ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында ғана қажет және де тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін Сервис оларды сақтамайтын болады.

6.7. Серіктес көрсететін қызмет түріне байланысты Сервис мобильдік бағдарламашықта тіркелген тұлғалар туралы осындай тұлғаларды да сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін және де олардың дербес деректері болып табылмайтын деректерді сақтайды және де пайдаланады. Атап айтқанда, қызмет келесі деректерді сақтайды:

6.7.1. Пайдаланушының аты. Пайдаланушының аты ретінде жеке басын куәландыратын құжатта көрсетіліп анық жазылған деректерге сәйкес (тегі мен әкесінің аты да көрсетілмей) жеке тұлғаның аты көрсетіледі. Атының қандай да бір ұлттық тілде жазылуы қиын болған жағдайда, транслитерациялауда есім ретінде адам Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланатын аналогы көрсетілуі мүмкін;

6.7.2. Автокөліктің маркасы, түсі, автокөліктің мемлекеттік тіркеу белгісінің цифрлық бөлігі (егер Серіктес ұсынатын қызметтердің сипаты көлік құралын пайдалануды көзделсе);

6.7.3. Тіркелу кезінде көрсетілген ұялы телефон нөмірі.

6.8. Мобильдік бағдарламашықта тіркеліп, серіктес «Дербес деректер және де оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы нөмірі № 94-V Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес осындай Келісімді алу талап етілетін жағдайларда ғана, сондай-ақ ақпараттық хабарламаларды, сондай-ақ жарнамалық ақпаратты кез келген тәсілмен алуға, оның ішінде телефон байланысы арналары арқылы, интернеттегі хабарлама алмасқыштар (Viber, WhatsApp, Telegram және де т.б.) арқылы хабарламалар алу арқылы, сондай-ақ осындай хабарламалар мен ақпаратты, мұндай келісімнің қажеттілігі «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы нөмірі № 508-II ҚР Заңында көзделген.

6.9. Сервистің сайтында тіркеле отырып, серіктес Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 145-бабының 2-бөлігіне сәйкес сервиске тапсырысты орындауға тағайындалған көлік құралының жүргізушісі туралы ақпараттың құрамында оны Тапсырыс берушіге ұсыну мақсатында өзінің бейнесін (фотосуретін) жариялауға және де одан әрі пайдалануға келісім береді.

 

7. Тараптардың құқықтары және де міндеттері

7.1. Сервис мыналарға құқылы болады:

7.1.1. Серіктестен осы Келісімде көзделген тәртіптермен және де тәсілдермен мобильдік бағдарламашықты пайдалануын талап етуге;

7.1.2. Осы Келісімге ұқсас мобильдік бағдарламашықты пайдалану құқығын үшінші тұлғалармен, соның ішінде Серіктеске осы мобильдік бағдарламашықты пайдалану құқығы берілген аумақта беру туралы шарттар жасасуға;

7.1.3. Серіктестің жеке шотының балансы нөлдік немесе теріс мәнді қабылдаған жағдайда Серіктестің мобильдік бағдарламашықты пайдалану құқығын уақытша тоқтата тұруға;

7.1.4. Сервис мобильдік бағдарламашық арқылы алынған ақпаратты құқыққа қайшы пайдалану туралы куәландыратын құжаттарды алған жағдайда, мобильдік бағдарламашық серіктесінің пайдалану құқығын уақытқа тоқтата тұруға. Мобильдік бағдарламашықты пайдалану құқығы заңды күшіне бұрын енген сот шешімдері, Серіктес жіберген заңды бұзушылық фактісі анықталған қаулылар негізінде тоқтатылатын болады. Көрсетілген құжаттар түпнұсқада немесе тиісті сот куәландырған көшірмелер түрінде ұсынылуға тиіс. Мобильдік бағдарламашықты пайдалану құқығы ол анықталған заң бұзушылықтарды жойғанға дейін тоқтатыла тұрады.

7.1.5. Серіктес мобильдік бағдарламашықта және/немесе осы Келісімнің шарттарында орналастырылған Сервис жұмысының ережелерін бірнеше рет және/немесе өрескел бұзған жағдайда Серіктес мобильдік бағдарламашықты пайдалану құқығын тоқтата тұру немесе тоқтатуға;

7.1.6. Сапаны ішкі бақылау мақсатында Серіктеспен өз телефон арқылы сөйлесулерді жазуды жүзеге асырып отыруға;

7.1.7. Мобильдік бағдарламашыққа техникалық қызмет көрсету және де өзгерістер енгізу бойынша регламенттік тәртіптегі жұмыстарды жүзеге асырып отыруға. Аталған жұмыстарды жүргізу кезеңінде мобильдік бағдарламашықтың жұмыс істеуі шектелуі де мүмкін болады;

7.1.8. Серіктестің автокөлік салонында Тапсырыс берушінің мүлкі қалған жағдайда, жоғалған заттарды тез арада қайтару мақсатында Тапсырыс берушіге серіктестің телефон нөмірін беруге.

7.1.9. Қазақстан Республикасының қолданыстағы тиісті заңнамасына және де осы Келісімге қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруға.

7.2. Сервис мыналарға орындауға міндетті:

7.2.1 Серіктеске мобильдік бағдарламашықты жалпы пайдалану құқығын беруге, Мобильдік бағдарламашықтың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етіп отыруға;

7.2.2. Регламенттік тәртіптегі жұмыстарды жүргізу жағдайларын қоспағанда, осы Келісімнің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде мобильдік бағдарламашықтың үздіксіз, әрі іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

7.2.3. Серіктестің жеке шотындағы төлемдерін уақтылы есепке алып отыруға;

7.2.4. Серіктес ұсынатын ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерін, оны Тараптардың құқықтық қатынастарына тікелей қатысы жоқ тұлғаларға беруді уақтылы анықтау және де болдырмау;

7.2.5. Серіктес туралы барлық ақпаратты оның келісімінсіз өзгертуге немесе редакциялауға болмайды.

7.3. Серіктес мыналарға құқылы болады:

7.3.1. Мобильдік бағдарламашықты осы Келісімде көзделген тәртіптермен және де тәсілдермен пайдалануға;

7.3.2. Осы Келісімнің шарттарына сәйкес, техникалық және де консультациялық кеңес беру қызметін көрсетуді қоса алғанда, мобильдік бағдарламашықты пайдалану құқығын беру сервисінен талап етуге.

7.4. Серіктес мыналарға міндетті болады:

7.4.1. Осы Келісімде белгіленген тәртіппен және де мерзімдерде Сервиске сыйақы төлеп отыруға.

7.4.2. Орындауға қабыл алынған тапсырысты тек оның шарттарына сәйкес орындауға;

7.4.3. Сервиске бұрын ұсынылған есептік деректерді ауыстырған кезде, сондай-ақ тапсырыстарды орындауды мүмкін етпейтін мән-жайлар туындаған кезде бұл туралы Сервиске дереу хабарлау қажет.

7.4.4. Мобильдік бағдарламашықта (логин мен құпиясөз) авторлану үшін қажетті деректердің сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз логині мен құпиясөзін пайдалана отырып, үшінші тұлғалардың мобильдік бағдарламашығында авторизациялану мүмкіндігін болдырмау үшін барлық шараларды жасап қабылдауға;

7.5. Серіктес Сервиске мобильдік бағдарламашықты пайдалануы туралы есеп беріп отырмайды.

 

8. Қызметтердің құнын белгілеу тәртібі

8.1. Қызметтердің құны нақты Тапсырыстың параметрлеріне (көлік құралының түрі, тасымалдау қашықтығы, түрі, салмағы, тасымалданатын жүктің көлемі, тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыру уақыты және де тазалау клининг қызметтерін есептеу мақсатында үй-жайдың ауданы және де т.б.), сондай-ақ Серіктестің қызмет ету аймағында қалыптасқан ұқсас қызметтердің орташа құнына сүйене отырып, автоматты түрде анықталады.

8.2. Серіктес, қызметтердің есептелген құны сол Серіктестің өзі белгілеген құнға сәйкес келмеген жағдайда, Тапсырысты орындау үшін қабылдамауға да құқылы болады.

8.3. Серіктестің Тапсырысты орындау үшін қабылдауы Серіктестің өзі ұсынылатын қызметтер құнымен толық және де сөзсіз келісуін білдіреді. Сервис сол Серіктес тапсырысты қабылдағаннан кейін немесе қабылданған тапсырысты тиісті орындамағаннан кейін қызметтердің құнын Серіктес өзі біржақты өзгерткен жағдайда да, мобильдік бағдарламашықты пайдалану құқығын тоқтатқанға дейін Серіктеске айыппұл ықпалдық санкцияларын қолдануға құқылы болады.

8.4. Қызметтердің құнын Тапсырыс беруші соманы арттыру жағына қарай өзгерте алады.

8.5. Тапсырыс беруші мен Серіктес арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде оны Серіктестің жеке шотына аудару үшін тапсырыс берушінің қаражатын қабылдау бөлігінде, Сервис сол Серіктестің атынан және де есебінен әрекет ететін агент ретінде әрекет ететін болады. Сервис Серіктестің өз агентінің міндеттемелерін тек Тапсырыс берушінің қаражатын қабылдауды қамтамасыз ету бөлігінде ғана қабылдайды және де Серіктестің қызмет көрсету бөлігіндегі басқа да құқықтары мен міндеттерін қабылдамайды.

 

10. Сервистің өтемдік сыйақысы

10.1. Мобильдік бағдарламашықты пайдалану құқығын бергені үшін серіктес осы Келісімде белгіленген мөлшерде және шарттарда Сервиске ақы төлеуге міндеттенеді.

10.2. Мобильдік бағдарламашықты пайдалану құқығын бергені үшін сервистің сыйақы мөлшері серіктестің табысынан (түсімінен) пайыздық аударымдар түрінде анықталады.

10.3. Сыйақы мөлшері мобильдік бағдарламашықта серіктес орындауға қабылдаған тапсырыс туралы ақпаратта көрсетіледі.

10.4. Сыйақы мөлшерін Сервис өзі бір жақты тәртіппен белгілейді. Серіктес Тапсырысты орындауға қабыл алғанға дейін Сервистің өтемдік сыйақы мөлшерімен танысуы тиіс және онымен келіспеген жағдайда да, осындай тапсырысты орындаудан бас тартуы тиіс. Серіктестің Тапсырысты орындауға қабылдауы сыйақының белгіленген мөлшерімен келісу керектігін білдіреді.

10.5. Сыйақыны төлеу серіктестің өз бетінше анықтаған мөлшерде жеке шотқа қаражат салу арқылы алдын-ала төленген жүйе бойынша жүзеге асырылады.

10.6. Сыйақыны төлеу Тапсырысты орындауға қабылдау сәтінде серіктестің жеке шотынан сыйақы мөлшеріне тең мөлшердегі ақшалай қаражатты есептен шығару жолымен жүзеге асырылады.

10.7. Жеке шотты толтыру аванстық төлемдерді банк карталары арқылы, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы, есеп айырысу шотына ақша аудару немесе Сервис кассасына енгізу жолымен жүзеге асырылады.

 

11. Тараптардың жауапкершілігі

11.1. Сервистің жауапкершілігі:

11.1.1. Сервис Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындауға жауапты болады;

11.1.2. Сервис жабдықты, бағдарламалық қамтамасыз етуді ауыстырумен немесе Сервистің техникалық құралдарының жұмысқа қабілеттілігін қолдауға және дамыту қажеттілігінен туындаған басқа да регламенттік жұмыстарды жүргізумен байланысты мобильдік бағдарламашықтың жұмысының толық немесе ішінара үзілуіне жауапты емес болады;

11.1.3. Сервис сол Сервистің өзіне тиесілі емес бағдарламалық өнім немесе басқа жабдық істен шыққан жағдайда, мобильдік бағдарламашықтың жұмысын ұсынудағы іркілістер мен үзілістер үшін жауапты болмайтын болады;

11.1.4. Сервис үшінші тұлғаларға, соның ішінде тапсырыс берушілерге серіктес келтірген зиянды, оның ішінде жіберіп алған пайданы өтеу бойынша қандай да бір міндеттемелерді өзіне алмайды;

11.1.5. Сервис аталған Серіктестің алдында үшінші тұлғалардың, соның ішінде Тапсырыс берушілердің нәтижесінде Серіктеске қандай да бір зиян келтірілген жағдайда, оның ішінде жоғалған пайда түрінде кез келген әрекеттері үшін жауап бере бермейді.

11.1.6. Сервис картадағы кез келген географиялық нысанының белгіленуі, сондай ақ олардың сипаттамасының дұрыстығы мен сенімділігі үшін ешқандай жауапкершілік артпайды. Сервис халықаралық келісім қатысушысы емес және мемлекеттік шекараларды орната алмайды.

11.2. Серіктестің жауапкершілігі:

11.2.1. Серіктес ҚР заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындауға жауапты;

11.2.2. Серіктес Тапсырыс беруші алдында тиісті қызмет көрсеткені үшін, сондай-ақ оларға келтірілген кез келген залал үшін, соның ішінде Тапсырыс берушінің мүлкін жоғалтқаны немесе бүлдіргені үшін дербес жауапты болады.

11.2.3. Серіктес үшінші тұлғаларға келтірілген зиян үшін, Тапсырысты орындауға байланысты, сондай-ақ Тапсырысты орындауға байланысты емес әрекеттер үшін жауапты болады. Бұл ретте Сервис дауларды тез арада реттеу мақсатында әріптес пен Тапсырыс беруші арасында делдал ретінде әрекет ете алады.

11.2.4 Сервис серіктестің (оның қызметкерлерінің және/немесе контрагенттерінің) қызметтерді көрсету сапасының лайықсыз болуына байланысты тапсырыс берушілердің пайдасына қандай да бір төлемдерді жүргізген жағдайда, Серіктес осыған байланысты сервиске келтірілген залалдың орнын толтыруға міндеттенеді. Көрсетілген өтемақы Серіктестің жеке шотынан ақша қаражатын есептен шығару арқылы жүзеге асырылады. Серіктес міндеттенеді

11.2.5. Серіктес сервис ережелерінде айыппұл санкциялары көзделген әрекеттерді жасаған жағдайда Серіктестің жеке шотынан Сервистің пайдасына қарастырылған санкция шегінде ақша қаражаты мүлтіксіз есептен шығарылады. Заң бұзушылықтардың тізімі мобильдік бағдарламашықта орналастырылған. Ақшалай қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, есепті кезеңде есептелген айыппұл санкциялары серіктестің жеке шотын толтырған кезде бірінші кезекте өтелетін серіктестің дебиторлық берешегі болып табылады.

 

12. Дүлей күштің еңсерілмес жағдайлары

12.1. Тараптарды жауапкершіліктен босататын негіз болатын еңсерілмейтін дүлей күштің әрекеті болып табылады. Осы тармақтың мағынасында еңсерілмейтін дүлей күш деп Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 359-бабында көрсетілген барлық мән-жайлар түсініледі әрі негізге алынады.

12.2. Еңсерілмес дүлей күштің әсеріне ұшыраған Тарап екінші Тарапқа еңсерілмес дүлей күш әрекетінің туындауы, түрі, ықтимал ұзақтығы және оның қандай міндеттерді орындауға кедергі келтіретіні туралы дереу жазбаша хабарлауға міндетті.

12.3. Еңсерілмейтін күш әрекетіне ұшыраған және бұл туралы хабардар етпеген Тарап бұдан әрі оны жауапкершіліктен босататын негіз ретінде еңсерілмейтін күш әрекетіне сілтеме жасай алмайды.

 

13. Дауларды шешудің тәртібі 

13.1. Тараптар Келісімнен туындауы мүмкін кез келген даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер өткізу жолымен бейбіт түрде өркениетті реттеу үшін барлық шараларды жасап қабылдауға міндеттенеді.

13.2. Наразылықтарға жауап беру мерзімі және даулар мен келіспеушіліктерді бейбіт жолмен реттеуге бағытталған құжаттарды ұсыну мерзімі Тарап осындай наразылықтарды қабылдап алған және көрсетілген құжаттарды ұсыну қажеттігі туындаған кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауға тиіс болады.

13.3. Егер Тараптар келіссөздер арқылы барлық даулар мен келіспеушіліктер бойынша уағдаластыққа қол жеткізбесе, сол даулар мен келіспеушіліктер Сервистің орналасқан жері қаласы бойынша сот орнында шешілуге жатады.

 

14. Осы Келісімге өзгерістер енгізілуі

14.1. Осы Келісімге өзгерістер енгізуді Сервистің өзі тиісті өзгерістерді сол Сервистің сайтында орналастыру арқылы бір жақты тәртіппен жүзеге асырады. Аталған өзгерістер сайтта жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн өткеннен кейін ғана күшіне енеді.

14.2. Солар күшіне енген сәттен бастап кез келген тәртіптік өзгерістері мобильдік бағдарламашықты пайдаланатын барлық тұлғаларға, оның ішінде өзгерістер күшіне енген күннен бұрын мобильдік бағдарламашықты пайдалануды бастап кеткен тұлғаларға да қолданылады. Ал енді енгізілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Серіктес мобильдік бағдарламашықты пайдалануын өзі тоқтатып, бұл туралы Сервиске хабарлауға тиіс болады.

 

15. Зияткерлік меншік

15.1. Серіктес тапсырыс беру тәсілдерінің жарнамасын жағалай тарату мақсатында "Максим" сервисінің коммерциялық белгісін, сондай-ақ Maxim® тауар белгісін пайдалануға шектеулі құқық алады.

15.2. Серіктес өз телефон нөмірін, тапсырысты жүзеге асырудың өзге де тәсілдерін, оның ішінде сол Серіктестің көлік құралдарына жарнама жапсырып орналастыру арқылы ілгерілетуге жылжытуға (жарнамалауға) бағытталған әрекеттерді өзі дербес жүзеге асыруға құқылы болады. Бұл ретте Серіктес жарнаманың (оның ішінде оның мазмұны мен орналастырылуының) қолданыстағы жарнама туралы заңнамасының талаптары мен нормаларына сәйкестігі үшін өзі дербес жауаптылықта болады. Көрсетілген ереже сол Сервис жарнама беруші болып табылатын шарттардың негізінде Сервистің жарнамасын жапсырып орналастыру жағдайларына қолданылмайды.

 

16. Арнаулы шарттар

16.1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 972-бабының 2-бөлігіне сәйкес бұл Келісім аталған Серіктеске мобильдік бағдарламашыққа айрықша құқықтардың табыс етіліп ауысуын болжамайды, осыған байланысты Серіктеске Келісімде көзделген құқықтарды беру мемлекеттік тіркеуге жатпайды.

16.2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 390-бабына сәйкес Келісім абоненттік шарт болып табылады және Тараптардан орындалған жұмыстардың екіжақты актілерін ұсынуды және қол қоюды талап етпейді.

16.3 Серіктес Сервиске өз қалауы бойынша маркетингтік науқан акциялары мен басқа да сондай ұқсас іс-шараларды өткізуге Тапсырыс берушілер үшін қызметтерге жеңілдіктер беруге келісімін береді. Бұл ретте Серіктестің осындай жеңілдіктерді беруге жұмсаған шығыстары сервис сыйақысының мөлшерін тепе тең азайту жолымен толық көлемде сервистен өтеледі.

16.4. Егер Тараптардың жеке шартында өзгеше түрде белгіленбесе, Келісімнің шарттары мобильдік бағдарламашықта тіркелген барлық тұлғаларға да қолданылады. Тараптар жеке шарт жасасқан жағдайда сол Тараптардың құқықтық ара қатынастарына осындай шарттың талаптары қолданылатын болады.